13 шілде 2023 11:58

Балалар омбудсмені Шүменовтің оқиғасына қатысты ІІМ-ге жүгінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры/ Egovpress Telegram-арнасы. Фото Шүменов Vesti.kz © Тұрар Қазанғапов

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Астанадағы фудкорттардың бірінде балалы ер адаммен төбелескен Бейбіт Шүменовтің жауапкершілікке тартылуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Астанадағы фудкорттардың бірінде балалы ер адаммен төбелескен Бейбіт Шүменовтің жауапкершілікке тартылуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Динара Зәкиева Facebook-парақшасында бөлісті.

"ІІМ-не қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгіндім. Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну дерегі әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы "Қорқыту" бойынша жауапкершілікке тарту туралы жүгіндім. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиіс ұсыныс енгізетін боламын. Жалпы, кез келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді. Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.

Кейінірек полиция осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ал ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады. Кейін боксшы Бейбіт Шүменов өз әрекетін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360618/thumb_m/photo_122942.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға рұқсат беріле ме? ІІМ пікір білдірді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-kolktn-aldyingyi-terezelern-karangyilatuga-360618/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360614/thumb_m/photo_122937.jpeg"
    "title" => "Алматыда айып тұрағына 400-ге жуық мопед қойылған. ІІМ пікір білдірді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-ayyip-turagyina-400-ge-juyik-moped-koyyilgan-m-pkr-360614/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360458/thumb_m/photo_122758.jpeg"
    "title" => "ІІМ Киевте журналист Садықовқа шабуыл жасаған күдікті туралы ақпаратқа пікір білдірді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/m-kievte-jurnalist-sadyikovka-shabuyil-jasagan-kudkt-turalyi-360458/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360451/thumb_m/photo_122748.jpeg"
    "title" => "20 маусымнан бастап жауапкершілік көзделеді: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/20-mausyimnan-bastap-jauapkershlk-kozdeled-m-360451/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360329/thumb_m/photo_122614.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-jana-ulgdeg-jeke-kualkter-berle-bastadyi-360329/amp/"
  ]
]