ПОДЕЛИТЬСЯ
13 наурыз 2021 | 09:48
Балалар үйінен шыққан жігіт пәтерге жинап жүрген ақшасынан науқас балаға бір миллион аударды
Орал балалар үйінде тәрбиеленген 22 жастағы Серік Мұқашев әлемдегі ең қымбат дәріге зәру болып отырған ақсайлық науқас Эмир Шахмаровтың еміне бір миллион теңге аударды. Жігіттің қайырымдылығы туралы досы Әли Тукашев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орал балалар үйінде тәрбиеленген 22 жастағы Серік Мұқашев әлемдегі ең қымбат дәріге зәру болып отырған ақсайлық науқас Эмир Шахмаровтың еміне бір миллион теңге аударды. Жігіттің қайырымдылығы туралы досы Әли Тукашев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Коронавирус пандемиясы өршіп тұрғанда Серік өз еркімен инфекциялық блокқа санитар болып жұмысқа кірген екен. Тапқан ақшасына пәтер сатып алғысы келген, өйткені өзінің баспанасы болған емес. Бірақ соңында ақшасын басқаша жұмсауды ұйғарған.
Досының айтуынша, Серік бұл тақырыпта ешкіммен сөйлескісі келмейді. "Мен Серіктің Эмирге шынымен миллион аударғанын анықтадым, өйткені ол қазір ең маңыздысы осы деп санайды. Бірақ Серіктің өзі журналистерге ақпарат беруден үзілді-кесілді бас тартты", - деді Әли Тукашев.
Эмирдің анасы Сабина Шахмарова ұлының шотына ақша екі апта бұрын түскенін, содан кейін олар Серік Мұқашевпен телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Эмир Шахмаров бір жас, 8 айда, ол жұлын бұлшықетінің атрофиясымен ауырады. Бұл ауру Қазақстанда жоқ "Золгенсма" препаратымен ғана емделеді, оның құны бір миллиард теңге. Препарат - жалғыз ғана екпе, оны науқас екіге толғанға дейін салып үлгеру керек.
Баланың анасы Оралдың басқа тұрғынынан келіп түскен тағы бір ірі сома туралы айтты. Сабинаның айтуынша, 11 наурызда Эмирдің есебіне көп жылдан бері желілік бизнеспен айналысып жүрген Салтанат Шаймардановадан 6,5 миллион теңге түскен.
"Салтанат бұған дейін де бір миллион теңге аударған, ол мені күйеуіммен қолдап келеді. Мыңдаған адамның қолдауының арқасында біз қиындыққа мойынсұнбай, мақсатымызға жылжып келеміз", - деді Сабина.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Эмирге 508 миллион теңге жиналған. Баланың жағдайы ауыр, қозғала алмайды.
Емделуге 20 сәуірде бару жоспарланып отыр, баланың ата-анасы сол уақытқа қарай қажетті соманы жинай алатынына сенеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также