18 тамыз 2020 | 17:13

"Балалардан ұят". Сапарбаев тапсырманы орындай алмаған шенеуніктерді сынады

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыс әкімі өңірде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары өте әлсіз жүргізіліп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Білім беру саласындағы тағы бір маңызды мәселе - сырттағы мектеп дәретханалары. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, олардың бәрі 1 қыркүйекке дейін мектеп ғимараттарына енгізілуі керек еді. Бұл үшін 1,1 миллиард теңге бөлінген. Белгілі болғандай, осы уақытқа дейін 285 дәретхананың тең жартысы ғана көшірілген. Бұл орайда Байзақ, Қордай, Меркі, Шу аудандары айтарлықтай артта қалып отыр. Басқаларға қарағанда көбірек қаражат бөлінді, бірақ ол тиімсіз игерілген", - деді Сапарбаев.

Ол Байзақ ауданының білім беру саласындағы жұмысын сынға алды. Өңір басшысы санитариялық тораптармен жабдықтау бойынша қатал ескертулер жасады.

"Бұл біздің өзіміздің балаларымыз. Неге құрылыс кезінде осы туралы ешкім ойламайды? Неліктен дәретханалар арасында бөліктер жасалынбаған? Әр дәретханаға кем дегенде 2 миллион теңге жұмсалады. Бұл қарапайым дәретхана салу үшін шынымен жеткіліксіз бе?

Оқу жылының басталуына небәрі 10 күн қалды, ал жұмыс аяқталған жоқ. Мен аудан әкімдерінің қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін. Олардың орнында болсам, желтоқсан айында балалардың күн сайын көше дәретханаларына қалай баратындарын ойланатын едім. Бұл балалардан ұят", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Сапарбаев облыстағы барлық мектептерде бейнебақылау камераларын орнатуды тездетуді тапсырды. Белгілі болғандай, бейнекамералардың 80 пайызы ескірген. Енді оларды цифрлық камераларға ауыстыру керек екен.

Айта кетейік, 2019 жылдың қарашасында Тараздағы мектептердің бірінде 12 жастағы оқушы зорланған еді. Жетінші сынып оқушысы география пәнінде көшедегі дәретханаға сұранған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная