19 мамыр 2022 | 16:19

"Балаларды асырап алады деген желеумен шетелге сатып жатыр" - фейк

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Telegram-арнада балаларды асырап алады деген желеумен шетел азаматтарына сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. Оған "балалардың бағасы" көрсетілген мақалаға сілтеме тіркелген. Бұл ақпарат - фейк, - деп хабарлайды stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Telegram-арнада балаларды асырап алады деген желеумен шетел азаматтарына сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. Оған "балалардың бағасы" көрсетілген мақалаға сілтеме тіркелген. Бұл ақпарат - фейк, - деп хабарлайды stopfake.kz.

Портал мәліметінше, мақала 2017 жылы жазылғанын және онда келтірілген Халықаралық бала асырап алу туралы агенттіктер тізімі қазір ескірген. Автор көрсеткен ұйымдардың ешқайсысы қазір Қазақстандағы бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктер өкілдіктері тізбесіне кірмейді.  

Реклама
Реклама

Мақалада көрсетілген "балалардың бағалары" - ұшу, тұру, тамақтану, құжаттарды рәсімдеу, аудармашылар қызметі секілді шығындар, бұл балаларға төленетін құн емес. 

Бала асырап алу мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР Білім және ғылым министрлігі жетім балаларға белгіленген баға туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бала асырап алу рәсімі кез келген қаржылық немесе басқа да пайда алуға тыйым салынған аккредиттелген коммерциялық емес агенттіктер арқылы жүзеге асырылады. ҚР азаматтарын асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеу тәртібі Кодекс бойынша регламенттеледі", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.
 

Сондай-ақ, министрлік өкілі бала асырап алудың балалар саудасына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

"Бала асырап алу рәсімі балаларды қорғау және баланы асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияға, "Неке және отбасы туралы" ҚР Кодексіне және 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 ҚР ӨП бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтары саналатын балаларды асырап алуға беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады", - делінген ведомство жауабында.
 

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің өкілдері шетелдіктер қатарындағы асырап алушы ата-аналарға үміткерлер Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Кодексінің 91-бабының барлық талабына сай келуіне міндетті түрде тексерістен өтуі тиіс екенін атап өтті.

"Бала асырап алу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық жағдайын болдырмау мақсатында баланы шетел азаматының асырап алуына Қазақстан Республикасының азаматтары саналатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген шетелдік азаматтардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның ережесі бекітілді. Нәтижесінде, ұсынылған құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша бала асырап алу рәсімінен бас тарту немесе оны жалғастыру туралы алқалы шешім қабылданады", - деді министрлік қызметкері.

Демек, балаларды асырап алды деген желеумен шетелдіктерге сатып жатқаны туралы ақпарат - фейк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная