09 қазан 2020 | 20:13

Балаларды гастриттен қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесі

Гастроэнтеролог дәрігер, эндокринолог Ирина Досманова i-balaqai жобасында ішек ауруларының негізгі симптомдары туралы айтты. Сондай-ақ маман балалардағы гастриттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гастроэнтеролог дәрігер, эндокринолог Ирина Досманова i-balaqai жобасында ішек ауруларының негізгі симптомдары туралы айтты. Сондай-ақ маман балалардағы гастриттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. 

Реклама
Реклама

"Гастрит - бұл асқазан шырышты қабығының қабыну процесі. Қабыну дұрыс емес екені түсінікті. Бірақ нақты асқазан туралы айтатын болсақ, гастрит әр адамда шамамен 5-7 жасынан болады, одан құтылу мүмкін емес. Бастапқыда гастриттің пайда болуы қандай да бір психоэмоционалды күйзеліске байланысты", - дейді дәрігер. 

"Табиғат бізді шырышты қабық қалпына келетіндей, яғни үш күн ішінде қалпына келетіндей жаратқан. Сондықтан, қабыну процестерінде, егер сіз тамақпен түзететін болсаңыз немесе осындай психологиялық тыныштық жағдайын жасасаңыз, бұл жағдайда, шын мәнінде, бәрі өз бетінше реттеледі, емделеді және гастрит ремиссия кезеңіне өтеді", - дейді эфир қонағы. 

Гастриттің пайда болуы

Ирина Досманова балалардың мектептің тамақтану режиміне көшуі оларда гастриттің пайда болуына және асқазан-ішек жолдарында басқа да проблеманың тууына әкеліп соқпайтынын айтады. 

"Былайша айтқанда, балалар мектепке гастритпен келеді. Яғни ол үйдегі асханадан басталады, жалпы ата-аналар үйде дайындайтын астан басталады", - дейді маман. 

Дәрігерлердің сөзінше, оған балалардың бір жасына дейін дұрыс тамақтанбауы себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ:

майлар, ақуыздың азаюы (жұмыртқа, сары май, ет пен қышқыл өнімдер); консервіленген азық-түлікті тұтыну (шырын мен пюре); біртекті тамақтар, арнайы тізімдегі азық-түліктер немесе тамақты әзірлеу басқаша түрін қолдану. Мысалы тек бумен пісірілген тағам немесе тек қайнатылған тағамдар себеп болуы мүмкін. 

"Бала белгілі бір тамақтарға үйреніп қалғанда, асқорыту бұрыс қалыптасады. Сәйкесінше өткізу процесі асқазан ішек жолдарында қабыну процестерін жүргізеді", - дейді маман. 

Гастрит пайда болғандағы стрестің ролі

Стресс - ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінің қоздырғышы, яғни стресс жағдайында организм бірнеше есе тұз қышқылы мен өт бөледі.

"Егер бала бұл жағдайда қарны аш болса, басқаша айтқанда, өзін іштей жеп жіберуі мүмкін. Мұның бәрі асқазан-ішек жолдарындағы мәселенің күн өткен сайын жасарып келе жатқанын көрсетеді. Яғни бұрын 16-17 жастағы балалар келсе, қазір үш жасқа дейінгі балаларды алып келіп жатады", - дейді дәрігер. 

Ең алдымен неге назар аудару керек? (қандай да бір белгі байқалғанда маманға жүгіну керек):

Дәрет (түрі, түсі). Жалпы дәреттің күнделікті болуы маңызды емес (норма - аптасына үш рет), уақыты маңыздырақ (күннің бірінші жартысында немесе тек екінші жартысында).  Іштің кебуі мен газ түзілуі; Ауыздан немесе денеден шығатын жағымсыз иістер.

"17 жасқа дейінгі балалар терлеуі мүмкін, бірақ олардан терінің иісі шықпауы керек. 16 жасқа дейінгі балада немесе киімінен, жақын тұрғанда жағымсыз иіс пайда болғанын аңғарған жағдайда. Не жақын тұрған кезде ерекше иіс сезсеңіз. Ол көбіне ұйқы безі немесе ішек аурулары кезінде байқалады", - дейді Ирина Досманова. 

Балалардағы гастриттің алдын алу жолдары, дәрігердің кеңестері:

1. Ең алдымен, баламен көбірек сөйлесу керегін айтады, ол стрестің алдын алуға мүмкіндік береді. 

2. Физикалық жүктеме мен шынықтыру. 

"Физикалық жаттығусыз ішек жұмыс істемейді. Шынықтыру жұмыстарын қосу керек, себебі ішек толық, ол иммундық жауапқа қатысады. Егер балада дәретке байланысты қандай да бір проблема болса, онда қосымша шынығу иммундық жүйені қалыпқа келтіреді", - деп атап өтті дәрігер.  

3. Отбасына азық-түлік сатып алуда өте ұқыпты болу керек. Одан бөлек, ересектер де балада дамытқысы келетін тамақтану әдеттерін қалыптастырғаны дұрыс.

Видеосұхбатты I-BALAQAI YouTube-каналынан көруге болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM және VOSTOK FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная