ПОДЕЛИТЬСЯ
19 мамыр 2022 | 16:36
"Балаларды қорғау үшін". Алматы прокурорлары 100-ден аса порносайтты бұғаттады
Алматы прокурорлары балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған 100-ден аса порнографиялық сайтты бұғаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы прокурорлары балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған 100-ден аса порнографиялық сайтты бұғаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, кейінгі уақытта қалада балаларға қарсы буллинг және басқа да іс-әрекеттер жиілеп кеткен. Сондықтан қазір прокурорлар бұл мәселенің егжей-тегжейін анықтап жатыр.
"Кәмелетке толмағандарды қорғаудың қосымша тиімді шаралары әзірленіп жатыр. Қорқыту мен жыныстық әрекеттің таралуына ықпал ететін триггерлердің бірі балалардың тыйым салынған сайттарға еркін кіре алуы екені анықталды. Олар жыныстық зорлық-зомбылықты, қатыгездікті және ерте жастан жыныстық өмірді насихаттайды.
Биыл прокурорлар порнографиялық сипаттағы 100-ден аса сайтты анықтап, оларды бұғаттады. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр. Осы жұмысты күшейту үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Прокуратура ата-аналарды балаларының виртуалды өмірін үнемі бақылауға және олардың мінез-құлқына назар аударуға шақырады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, балалар мен олардың ата-аналарының шағымдарына тезірек жауап беру үшін Алматы прокурорының арнайы көмекшісі Instagram-парақшасын ашты. Қорқыту және басқа да заңсыз әрекеттерден зардап шеккендер оған жеке жаза алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также