11 мамыр 2021 09:15

Балаларды төбелесуге мәжбүрлеген астаналық ұсталды

Видео кадры

Полицейлер Нұр-Сұлтанда ойын алаңында балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Нұр-Сұлтанда ойын алаңында балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ойын алаңындағы балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адам анықталды. Бұл дерек бойынша 37 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Ер адам Бабатайұлы көшесіндегі ойын алаңында 8 жастағы ұлы мен 11 жастағы баланы төбелесуге мәжбүрлеген.  

Төбелес кезінде 11 жастағы бала денесін жарақаттап алған. Жәбірленушінің анасы шара қабылдауды сұрап, қалалық полицияға өтініш жазды", - дейді қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Полиция мәліметінше, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram