Балаларға берілген банан тек фотоесеп үшін бе? Шымкенттегі балабақшада жанжал шықты

Балаларға берілген банан тек фотоесеп үшін бе? Шымкенттегі балабақшада жанжал шықты Бейнеден алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балабақшалардың бірінде түсірілген шулы видео тарап жатыр. Кадрларда түскі ас кезіндегі жағдай көрсетілген. Тәрбиешілер суретке түсіргеннен кейін балалардың алдындағы бананды жинап алған. Шымкент қалалық білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балабақшалардың бірінде түсірілген шулы видео тарап жатыр. Кадрларда түскі ас кезіндегі жағдай көрсетілген. Тәрбиешілер суретке түсіргеннен кейін балалардың алдындағы бананды жинап алған. Шымкент қалалық білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Желіде тараған бейнежазбада балалардың балабақшада тамақтанып жатқаны көрсетілген. Негізгі тағамнан кейін оларға банан таратылған. Алайда, видеоға қарасақ, жемістер тек фотоесеп үшін берілген сияқты: суретке түсіріп болғаннан кейін оларды балалардан қайтып жинап алған.

Жарнама
Жарнама

Видеодан балалардың бірі бананды бергісі келмегенін көруге болады. Сол кезде басқа бір бала жемісті тартып алып, тәрбиешіге апарып берген.

Білім басқармасы не дейді?

Шымкент қалалық білім басқармасы Tengrinews.kz редакциясына бананға қатысты бұл оқиғаның 2026 жылдың ақпан айында болғанын хабарлады.

"Мекеме меңгерушісі мен қызметкерлерден түсініктеме алынды. Сондай-ақ видеодағы бес қызметкердің үшеуі бүгінде бұл мекемеде жұмыс істемейтіні анықталды", – деп мәлімдеді басқарма.

Сонымен қатар ведомство қалалық Полиция департаментіне, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне және СЭС-ке (санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті) ресми хат жолдады.

"Бұл мәселе қолданыстағы заңнама аясында қаралып жатқанын және құзырлы органдардың тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын хабарлаймыз", – деді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Теміртаудағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде де дау туындаған болатын. Желіде бейнебақылау камерасындағы жазбалар жарияланды. Онда тәрбиеші алты жасар қызды маңдайынан бірнеше рет ұрған. Сондай-ақ кадрлардан педагогтің балаға айғайлап, дауыс көтергені естіледі.

Видео жарияланғаннан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды. Балабақша директорына сөгіс жарияланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама