24 тамыз 2020 | 16:40

Балаларға мектепте қолғап кию міндетті ме?

Сурет: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Желіде тараған кезекші сыныптарда оқитын балалар қолғап киюі керек деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Желіде тараған кезекші сыныптарда оқитын балалар қолғап киюі керек деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балаларға қолғап кию міндетті емес. Бұл әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпарат. Ол шындыққа жанаспайды. Ал масканы сабақ кезінде тағу керек. Балалар ересектерге қарағанда вирусты аз жұқтырса да, олар аурудың қоздырғышы болып саналады және олар егде жастағы адамдарды жұқтыруы мүмкін", - деп түсіндірді Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша орта мектептердегі кезекші сыныптарға бара алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная