18 наурыз 2024 | 16:16

Балаларға ораза ұстауға бола ма? ДСМ басшысы жауап берді

Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалар неше жастан бастап ораза ұстау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалар неше жастан бастап ораза ұстау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Жалпы бала тез өседі. Ол энергиясын тез жұмсайды. Себебі, балада зат алмасу процесі жоғары. Сондықтан ол осы энергияны уақытында толтыруы керек. Мұны әрбір ата-ана түсінуі шарт.

Баланың уақытында және сапалы тамақтануы оның болашақта денсаулығына және адам ретінде дамуы өте маңызды", - деді Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында.

Министрдің пікірінше, балалар 17 жастан бастап ораза ұстағаны дұрыс.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, мұнда баланың жасына байланысты. Әрбір ата-ана баласына (ораза ұстауға) рұқсат етсе, бұл – оның шешімі. Мен белгілі бір жасқа дейін бала дұрыс тамақтануы керек деп ойлаймын.Менің ойымша, 16-17 жаста (ораза ұстауы керек)", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная