12 желтоқсан 2022 | 10:50

Балаларға Президент тікұшағы көрсетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ҚР Президентінің Іс Басқармасы мектеп оқушыларын "Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясына экскурсияға апарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президентінің Іс Басқармасы мектеп оқушыларын "Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясына экскурсияға апарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Авиацияға қызығушылығы зор, ұшқыш болуды армандайтын жеткіншектер түрлі әуе кемелерін өз көзімен көріп, салонын аралап, штурвалға отырған. Кәсіби ұшқыштар оларға Challenger-850, ИЛ-76 ұшақтары мен Eurocopter-225 тікұшағы қандай мақсатқа қолданылатынын кеңінен сипаттап берді.

Реклама
Реклама

Challenger-850 ұшағымен еліміздің Президенті, сыртқы істер министрі және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар мемлекеттік маңызды жұмыстармен ұшқан.

"Біздің міндетіміз - жолаушыларды межелі жерге уақтылы жеткізу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Экипаж мүшелері сол үшін арнайы дайындықтан өтеді. Біздің мекемеге жеткіншектердің келгеніне қуаныштымыз. Менің ұлым кішкентай кезінде "Өскенде ұшқыш болам" дейтін, қазір сол арманына жетіп, ізімді жалғап келеді. Кім біледі, Ашық есік күніне қатысып жатқан балалардың арасынан да болашақта мықты ұшқыштар, инженерлер шығатын шығар. Мемлекет басшысы биыл Балалар жылы деп жариялады. Кішкентайларға қуаныш сыйлап, оларды қанаттандыру, болашағына жол ашу бәріміздің міндетіміз деп санаймын", - деді экипаж командирі Бейсекен Молдыбаев.

Eurocopter-225 тікұшағын инженер Сергей Толчев таныстырған. Бұл тікұшақ экипажы екі адамнан тұрады, оған қоса қызмет көрсетумен айналысатын екі инженер бар.

"Бұл - экипаждан бөлек, 10 адам тасуға арналған ұшу аппараты. Біз осы тікұшақпен Қазақстанның кез келген жеріне бара аламыз", - деді ол.

"Бүркіт" компаниясының әуе кемелері паркіндегі ең үлкен ұшақтардың бірі ИЛ-76. Қос қанаты футбол алаңындай аумақты алып жатқан ұшақ әскери десантты, автомобиль және басқа да жүкті тасымалдауға пайдаланылады. Асфальт немесе қара топырақ бола ма, алаң талғамай қауіпсіз қона беретіні де бұл ұшақтың артықшылықтарының бірі. "Бүркіт" әуе компаниясының паркіне келгеніне біраз жыл болған ұшақтың АҚШ-тан басқа бармаған жері кемде-кем.

Экскурсия соңында кішкентай ұшқыштар өздерін қонақжай пейілмен күтіп алған "Бүркіт" әуекомпаниясының директоры Еркебұлан Оспанов пен оның әріптестеріне алғысын жеткізді.

"Бүгін сендер мемлекеттік ұшақтар мен тікұшақтарды өз көздеріңмен көріп, ұшқыштардың және инженерлердің қалай жұмыс істейтіні туралы хабардар болдыңдар. Осы экскурсия сендердің авиацияға деген қызығушылықтарыңды арттыра түсті деп сенемін", - деді Еркебұлан Оспанов балдырғандарға.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная