07 қыркүйек 2022 | 15:22

Балаларға төлем: Қазақстанда Ұлттық қорды екіге бөлу ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Мәжіліс отырысында Ұлттық қорды екі бөлікке бөлу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс отырысында Ұлттық қорды екі бөлікке бөлу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов бастама көтерді. Ол Мемлекет басшысының Ұлттық қор табысының 50 пайызын жас қазақстандықтарға бағыттау туралы ұсынысы халықтың үлкен қолдауына ие болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол Ұлттық қор қаражатын республикалық бюджет тапшылығын жабу үшін және түрлі мемлекеттік бағдарламаларға пайдалану "инвестициялық кірісті ұлғайту саясатына қайшы келетінін" айтты.

Реклама
Реклама

"Ұлттық қордан ақша ала отырып, Үкімет Президент Жолдауында айтылған балаларға арналған инвестициялық табысты қысқартады. Сондықтан Ұлттық қорды екі қорға бөлу ықтимал нұсқа болуы мүмкін. Біріншісі - "резерв қоры", оны бюджет қажеттілігін қаржыландыру үшін пайдалануға болады.

Екіншісі - "Балаларға Ұлттық қор". Оған Ұлттық қор активтерінің 50 пайызы беріледі және әрбір бала үшін арнайы шоттар ашылады, оларға барлық инвестициялық кіріс бөлінеді. Бүгінде Ұлттық қорға түсетін барлық Мұнай кірісі осы қорлар арасында тең бөлінеді", - деді Мәжіліс отырысында депутат Жамалов.

Сонымен қатар, депутат кез келген инвестициялық табыс тұрақсыз екенін атап өтті.

"2001 жылдан бастап ұлттық қорымыздың орташа кірісі жылдық 3,7 пайыз болған. Бірақ Ұлттық қордың шығынға ұшырағанына кемінде 5 жыл болды, бұл - 2002, 2008, 2014, 2015, 2018 жылдар. Ұлттық қордың активтерін инвестициялық басқару үшін тиімділік пен жауапкершілікті арттыру қажет.

Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк балаларға арналған Ұлттық қордың активтерін бөлу кезінде әртараптандыру және тәуекелді азайту талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуі қажет. Бұл нормативтік құқықтық актілерде осы Қордың активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ, әзірленген және бекітілген инвестициялық декларация болуы тиіс", - деді Жамалов.

Айта кетейік, Президент Жолдауында балалар кәмелет жасына толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын арнайы жинақтаушы шоттарға аудару бастамасын ұсынған болатын. Жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная