27 мамыр 2021 | 20:17

Балаларымыз сыни ойлау проблемасына ұрынып жатыр - Аймағамбетов

Фото: elements.envato.com

Қазақстандық балалар сыни ойлау проблемасына ұрынып жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламаға сүйене отырып мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық балалар сыни ойлау проблемасына ұрынып жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламаға сүйене отырып мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқымысты мектеп" жобасы өте жақсы, маңызды жоба. Президент тапсырмасы бар. Балаларымыздың оқу сауаты нашар, мұны PISA - оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама көрсетіп отыр. Яғни балаларымыз оқуын оқып жатыр, бірақ мәселе мұнда емес. Дәл осы сыни ойлау, мәтінді оқу және түсіну, мұнда балаларымыз проблемаға ұрынып жатыр. Жоба маңызды. Бұл науқан емес. Бұл екі айда ұмытыла салатын мәселе емес. Бұл біздің білім беру процесімізде болатын нәрсе", - деді министр республикалық педкеңесте.

БҒМ басшысы мектептер мен мектеп кітапханаларын қайта құру міндетті болуы керегін айтты. Осы жаздың өзінде мектеп кітапханалары көркем әдебиет алуы керек, әсіресе мемлекеттік тілде. Аймағамбетов айына бір рет немесе екі аптада бір рет осы мәселе бойынша есеп күтетінін айтты.

Реклама
Реклама

"Дебат бойынша, бұл білім беру технологиясы. Әр мектепте осындай клубтар болуы керек. Бұл құжат жүзінде емес, балалардың ниетімен болуы тиіс. Балаларды қызықтыру үшін жағдай жасау керек. Бұл сыни ойлау, мәтінмен жұмыс істеу, оқу, өрені кеңейту, сөйлеуді дамыту", - деді Аймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная