19 шілде 2019 | 10:07

Балаларын әкімдікте қалдырып кеткен әйел өз әрекетін түсіндірді

Фото Tengrinews.kz

Шымкент қаласының Абай ауданындағы әкімдікте балаларын қалдырып кеткен әйел не үшін мұндайәрекетке барғанын түсіндіріп берді. Төрт баланың 40 жастағы анасымен Tengrinews.kz тілшісі сөйлесіп қайтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының Абай ауданындағы әкімдікте балаларын қалдырып кеткен әйел не үшін мұндайәрекетке барғанын түсіндіріп берді. Төрт баланың 40 жастағы анасымен Tengrinews.kz тілшісі сөйлесіп қайтты. 

Гауһар Үсібалиева балалармен шағын ғана пәтерде тұрады. 

Реклама
Реклама

"Мұнда тұрып жатқанымызға бір ай болды. Бұған дейін пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Соңғы жалдап тұрған үйіміздің іші көгеріп кеткен, өте ылғал болды. Осы баспананы алып, арасында дәрі-дәрмек, нан секілді керек заттарды беріп тұрады. Бұл пәтерге айына 30 мың төлеймін. 90 мың теңге жәрдемақы берді. Оның 30 мыңын пәтерге, қалған 60 мыңына мектепке дайындалып, киім-кешек, азық-түлік алу керек. Ең қиыны балалардың ауырған кездері. Дәрі-дәрмекке ақша болмай қалады", - дейді Гауһар Үсібалиева. 

Гауһар бір жыл бұрын күйеуімен ажырасқан. Оның айтуынша, ажырасудың себебі - жарының үнемі оны кемсітіп, қорлауы. Балаларға да қол жұмсаған кездері болған. Бұрынғы күйеуі екінші топтағы мүгедек екен. Гауһар қазір бір жасар баласына қарап отырғандықтан жұмысқа шыға алмайды. Мұндай өмірден шаршаған ол әкімшіліктен көмек сұрағанын айтады. 

"Әкімдікке бардым. Балаларымды қалай асыраймын деп сұрадым. Олар маған "Мүмкін сізде ақша бар шығар, тексеріп көрейік" деді. Мен көңілім босап, не үшін олай істеп жатқандарын сұрадым. Олар "Сен жақсылықты түсінбейді екенсің, кет" деді. Мен жылап жібердім. Мен бір баламды үйде, екеуін әкімдікке қалдырып, өзім бір баламмен ауруханаға кеттім. Маған система қойды. Сосын әкімдікке барсам балаларым отыр екен, онымен қоса полицияны да шақырған екен", - дейді Гауһар. 

Полицияға барлық мән-жайды түсіндіруге тура келді дейді. Гауһардың айтуынша, Абай ауданы әкімінің орынбасары көмек ретінде азық-түлік, 15 мың теңге және оларды үйге жеткізіп тастайтын көлік ұсынған. Алайда Гауһар мұндай бір реттік көмектен бас тартқан. 

"Маған бәрі айғайлай бастады. 15 теңге мен азық-түлікті алып кет деді. Одан да отыра бергенім жақсы дедім. Маған көмек керек. Алатын 90 мың теңге маған жетпейді. Пәтердің өзіне 30 мың беремін. Балаларға киім-кешек, азық-түлік пен дәрілер алуым керек. Табыс көзі мүлдем жоқ", - дейді Гауһар. 

Бұған дейін Шымкент қаласының Абай ауданында жалғызбасты ана балаларын әкімдікте қалдырып кеткенін айтқан болатынбыз. Әкімдіктегілердің айтуы бойынша, мемлекеттік атаулы көмекті мерзімінен бұрын беруді сұраған. Аудан әкімі жәрдемақы берумен олардың айналыспайтынын және төлем тек қана айдың соңында болатынын жеткізді. Сондай-ақ, жалғызбасты анаға көмек көрсетілетінін айтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная