ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 қыркүйек 2024 14:32
“Баланы басынан ұрған“. Талдықорғанда балабақшадағы оқиға видеоға түсіп қалды
Талдықорғанда балабақшадағы оқиға видеоға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желідегі жергілікті парақшалардың бірінде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрларда тәрбиеші (немесе күтуші) кішкентай баланың басынан ұрып жатқаны көрінеді.
Жетісу облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.
"Тергеу аясында балабақша тәрбиешісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", - деді полицейлер.
Облыс прокуратурасы бұл дерек бақылауға алынғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу