ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2024 | 11:54
Баланы өлтіріп, аттракционнан секіріп кеткен: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды
ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыда әйелдің баланы өлтіріп, артынша аттракционнан секіріп кету оқиғасына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыда әйелдің баланы өлтіріп, артынша аттракционнан секіріп кету оқиғасына қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Қожаев әйелдің өзіне қол жұмсамас бұрын туыстарына баланың өлімі туралы айтқанын мәлімдеді.
"Өзіне қол жұмсау дерегін растаймын. Әйел, біздің азамат, Горький саябағында аттракционнан секіріп, өзіне қол жұмсаған. Туыстарының айтуы бойынша, ол бұған дейін ерекшеліктері бар баласының өлімі туралы хабарлаған. Бала диспансерлік есепте тұрған", - деді Қожаев Сенат кулуарында.
Министр орынбасарының айтуынша, тәртіп сақшылары әйелдің тұрғылықты жерін тексеру кезінде баланың мәйітін тапқан.
Еске салайық, бір күн бұрын Алматыдағы Орталық демалыс саябағында әйел биіктен секріп кеткен. Жәбірленуші жедел медициналық қызмет жеткенше қайтыс болды. Кейін әйел бұған дейін өз үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтіргені белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также