ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2021 | 17:53
Баланың спортқа деген махаббатын қалай ашу керек?
Биатлон бойынша Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева I-BALAQAI жобасының эфирінде бала өміріндегі спорттың ролі туралы ойын айтты. Сарапшы спорт карьерасындағы тәжірибесі жайлы айтып, балаға секцияны қалай таңдау керегін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биатлон бойынша Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева I-BALAQAI жобасының эфирінде бала өміріндегі спорттың ролі туралы ойын айтты. Сарапшы спорт карьерасындағы тәжірибесі жайлы айтып, балаға секцияны қалай таңдау керегін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Қазақстандық биатлонша Елена Хрусталева бүгінде Алматыда жаттықтырушы. Ол скандинав жүрісі мен пилатестен жаттықтырушы, қоғамдық өмірге белсене араласып, балалар спортын дамытумен айналысып жүр.
Оның чемпиондық жолын әкесі ашқан.
"Әкеміз спортшы. Ол үшін бірінші орында спорт және білім. Сәйкесінше, біздің отбасымыз да сол айналада: жүру, жүгіру, шаңғы және жүзу. Мен шаңғыны үш жасымнан бастап үйрендім. Үйде де, айналада да спорт кешендері болатын. Үнемі "бастысы - қозғалу" ұранымен өмір сүретінбіз", - дейді спортшы.
Спикердің сөзінше, бала туғанынан бастап белсенді болуы керек.
"Бұрын бәрін жөргекке орап тастайтын, ал қазір бала үшін бастысы қозғалу екенін дәлелденген. Бала еңбектей ме - еңбектесін. Жүре ме - жүрсін. Жүгіре ме - жүгірсін. Әрине, бәрі орнымен болуы керек, бірақ біз қозғалу үшін жаратылғанбыз. Ал ол қандай қозғалыс болатынын баланың өзі шешеді. Бала күнінде неғұрлым көп қозғалса, соғұрлым жақсы. Жүзу, жүгіру, гимнастика, шаңғы. Осыдан баланың денсаулығы қалыптасады", - дейді Елена Хрусталева.
Көбіне ата-аналар баласынан жай ғана спортпен айналыспай, нақты нәтиже күтеді. Ол дұрыс па? Баладан олимпиада чемпионы болуын талап ету дұрыс па?
"Егер баланың секцияға барып жүргеніне біраз болып, оған ата-анасы тарапынан қысым болмаса, демек ол балаға ұнайды. Сәйкесінше бұл жердегі мотивация да дұрыс болуы керек. Бірақ бірнәрсені түсіну керек: барлық бала жаттығуға, шыдамды болуға бейім емес. Бала іштей соны бұл ол үшін қызық екенін түсінсе нәтиже шығаруға тырысады", - дейді спикер.
Спортшы бала секцияға көбірек барса, соғұрлым жақсы екенін айтады.
"Бірақ бір-екі рет барып, сосын "барғым келмейді" деген емес. Яғни бұл жерде тереңірек қарастыру керек: бәлкім балаға жаттықтырушысы ұнамай қалған шығар. Сол кезде оның қабілеті белгілі болады. Егер мүлде болмай жатса, секцияны ауыстыру керек", - дейді ол.
Елена Хрусталеваның сөзінше, тағы бір маңызды мәселе - баланың жасы секцияға сай болуы керек.
"Алғашқы жаттығуларда бала атмосфераға сіңісуі керек. Мысалы мен тау шаңғысына барған кезімде басқа секцияға түсіп кеттім. Ол жерде ересектер де, кішкентай балалар да болды. Айналамдағы балалар 5-7 жастағы болғандықтан қорқа бастадым. Бала балалар секциясына түскен кезде бәрі басқаша. Балалар жүгіреді, ойнайды, дос бола бастайды. Бастысы - баланың өз атмосферасына түсуі. Өзіне жайлы жер. Сол кезде оны ешкім қинамайды", - дейді спикер.
Ол бастысы спорт үшін жағдай жасау керегін айтады.
"Егер баланың қолынан телефонын, компьютер, теледидарын алып қойса, оған айналысатын басқа нәрсе іздей бастайды. Соның бірі - қозғалыс. Үйден шығуға рұқсат берілмеген кез - карантин есіме түсіп кетті. Бірақ біздің алаңдағы балалар жүгіріп, ойнап жүрді. Тек жағдай жасау керек", - дейді сарапшы.
Шаңғы спорты қауіпсіз бе?
"Егер саналы түрде қараса, кез келген спорт түрі қауіпсіз. Егер қандай да бір жарақат алса да, бұл жарақаттың тарихы бар. Шаршайды, ұйқысы қанбайды. Жаттықтырушыны тыңдамай қалады. Техникалық қауіпсіздікті ескермеген шығар", - дейді Елена.
"Шаңғы спортын шатастырып жатады. Тау шаңғысы бар - Шымбұлақ және шаңғы жарысы бар. Егер салыстырмалы түрде таулы болса, онда бұл жүгіруге қарағанда әлдеқайда қауіпті. Себебі сіз төмен қарай асқан жылдамдықпен келе жатасыз. Біз, шаңғымен сырғанаушылар, біз өзімізді аяғымызбен төбеден алып, содан кейін түсеміз. Егер осы екі спорт түрін салыстыратын болсақ, онда біздің спорт мүлдем қауіпсіз спорт түрі", - дейді спортшы.
Бүгінде Елена Хрусталева пилатесті кәсіби спортшылармен қатар Алматыдағы танымал жаттықтырушы ретінде оқытып, тәжірибе жүзінде қолданады.
"Бұл ұзақ жол болды. Мені осы жолға алып келген сколиоз, сосын арқам да ауыра бастады. Ол кезде бұл нәтижеге әсер етпеді де мен сол сколиозды қалай алдыруға болатынын іздей бастадым. Ең бірінші рет, 19-20 жасымда абдырап қалдым. Мен фитнеске бардым. Йогамен айналыстым. Хореографияға бардым, қазір де барамын. Маған сколиоз - мәңгіге деп айтты. Бірақ мен не үшін бұл оймен келісуім керек? Жоқ. Осы тақырыпты меңгеріп, ақыры пилатеске келдім", - дейді ол.
Еленаның өмірлік ұраны - "Кез келген жағдайда адам болып қал".
Жеңіске неғұрлым жақын болса, соғұрлым көп күш жұмсалады. Сондықтан да чемпион болып туады. Бастысы - адам болып қалу. Жаттық. Қалғаны өзіңе байланысты. Оның себебін таба аламыз ба? Оның он себебі болуы мүмкін. Оның тоғызына өзіміз себеп. Сонымен қатар, қорқудың қажеті жоқ. Идея бар, мақсат бар, ынта бар, қандай да бір челлендж бар - бар да жаса", - дейді спортшы.
I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
Эфирдің толық нұсқасын I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады.
Жоба туралы толығырақ Instagram-дағы I-BALAQAI ресми парақшасында.
Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қолжетімді Anchor.FM және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.
RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также