Баласына қарыз әкелер миллиондаған ақшаны бәске тігіп, ұтылып қалған

Фото:depositphotos.com

Жетісу прокурорлары қасақана алимент төлемеген ойын құмарларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу прокурорлары қасақана алимент төлемеген ойын құмарларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу өңірінде 50 ер адам үнемі құмар ойынын ойнап (интернет-казинолар, букмекерлік кеңселер) 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған, ал олардың балаларына 60 миллион теңге алимент түріндегі қарызы болған.

"Мәселен, Талдықорғанда жарты миллион теңге алимент бойынша берешегі бар борышкер Д. онлайн букмекерлік кеңседегі есепшотын 52 миллион теңгеге толтырған. Прокурорлардың жүргізген талдауы бойынша Әділет департаментіне борышкерлерге қатысты шара қолдану туралы ұсыныс енгізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 87 баланың берешек алименті бойынша 63 миллион теңге қарыздың орнын толтырған.

144 төлемеуші тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны (116 адам қамауға алынды және 28-іне айыппұл салынды) айтылды. 9 тұрақты алимент төлемеуші тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы ("Балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная