22 шілде 2021 08:53

Балқаш әуежайы мемлекет меншігіне айналды

Балқаш әуе айлағы жергілікті әкімдіктің коммуналдық меншігіне қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқаш әуе айлағы жергілікті әкімдіктің коммуналдық меншігіне қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Жаңа меншік иесіне беру сыйға тарту шарты бойынша жүзеге асырылды. Берілген нысандардың қатарында аэровокзал ғимараты, рульдеу жолы және перрон бар. Толық жаңартудан кейін әуежай үлкен ұшақтарды қабылдай алады.

"Қазақмыс" корпорациясы сараптама қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынды. Жоба әуежай ғимаратына, перрон мен рульдеу жолына, сондай-ақ арнайы көлік қызметі үшін үй-жай құрылысына қатысты. Қажет сома анықталды.

Реклама
Реклама

2022 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп жоспарланған. Өтінімді рәсімдеу биыл басталады. Толық қайта іске қосылғаннан кейін Балқашқа бірінші және екінші кластағы (Boeing, Airbus және басқалары) үлкен ұшақтар келе алады. Әуе кемелері рейстерді жыл бойы және тәуліктің кез келген уақытында орындай алады. Жөндеу кезінде әуежай штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram