ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2022 | 08:57
Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы белгілі болды
Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Балқаш гарнизонында жараланған офицердің жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға 30 мамырда болған. Ресми дерек бойынша, офицер қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Салдарынан жараланып, кейін медициналық көмек көрсетілген.
"Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Бұдан өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды", - деді ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Руслан Жангулин.
Еске салайық, 30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер жараланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также