Балқаш гарнизонында офицер жараланды, жағдайы ауыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Балқаш гарнизонында офицер жараланды, жағдайы ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балқаш гарнизонында офицер жараланды, жағдайы ауыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер жараланды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды. Оқиға себептері мен мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің нұсқауымен гарнизонға арнайы комиссия жіберілді.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге ​​жатпайды", - деп толықтырды ведомстводан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама