08 қараша 2024 | 09:06

Балқаш көлінде су деңгейі артып келеді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Іле өзені арқылы Балқаш көліне 13,5 миллиард текше метр су жіберілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Іле өзені арқылы Балқаш көліне 13,5 миллиард текше метр су жіберілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нәтижесінде көлдегі судың орташа деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,60 метрге жеткен.

Балқаштағы судың 70 пайызға жуығы трансшекаралық Іле өзені есебінен екені атап өтілді. Биыл Қытаймен шекарадағы "Добын" өлшеу станциясында орташа су шығыны секундына 384 текше метр болып, былтырғымен салыстырғанда 17 пайызға артқан.

Реклама
Реклама

Министрлік Қазақстан мен Қытай арасындағы Трансшекаралық өзендерді бөлу жөніндегі үкіметаралық келісімнің жобасын әзірлеп жатқаны түсіндіріледі. Құжаттың негізгі мақсаты - Балқаш көлін оңтайлы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету.

Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28 кездесу өткізілген.

"Биылғы келіссөздер нәтижесінде соңғы 10 жылда алғаш рет Қапшағай су қоймасына 18 миллиард текше метрден аса су жиналып, 100 пайызға толтырылды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная