19 мамыр 2023 | 09:16

Балқашта 8-сынып оқушысы полицияға "террористер" туралы жалған хабар берген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Балқаш полициясына 8-сынып оқушысы "террористер" туралы хабарлаған. Хабар жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Балқаш полициясына 8-сынып оқушысы "террористер" туралы хабарлаған. Хабар жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгін Балқаш полициясына белгісіз адам хабарласып, мектептердің бірінде террористердің жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына полиция органдарының жедел-тергеу тобы мен өзге де жедел қызметтердің өкілдері жетті. Абырой болғанда, ақпарат расталмады", – деді ІІМ экстремизмге қарсы күрес департаментінің бірінші басқарма бастығы Алмас Талқанбаев.

Тәртіп сақшылары мектептің 8-сынып оқушысын анықтады. Ол дене шынықтыру сабағында өзінің сыныптасының телефонын алып, ойын ретінде полицияға террористер туралы көрінеу жалған ақпарат берген.

Реклама
Реклама

Оқушы ата-анасымен және мектеп қызметкерлерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін баланың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Мұндай шақыртуларға барлық шұғыл қызметтердің мамандары жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджетке үлкен шығын келеді.

"Бұл жағдайда ішкі істер органдары жалған шақырту салдарынан келтірілген шығынды өтеу бойынша сотқа арыз береді", - деп ескертті ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная