27 шілде 2023 | 09:22

Балқашта бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады

Дина Шарипханова Корреспондент

Қарағанды облысында бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 шілдеде Балқаштағы 6-шағынауданда ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салды:

  • Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;
  • Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;
  • Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;
  • Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер;
  • Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;
  • Барлық жиһазды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыс жылжытыңыздар. Бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ түсуін болдырмауға көмектеседі;
  • Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;
  • Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіздер. Кейіннен осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная