25 сәуір 2024 16:46

Балқашта жол талғамайтын көлік 9 жастағы қызды қағып кетті

видео кадры

Балқашта жол талғамайтын көліктің 9 жастағы баланы қағып кеткені түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта жол талғамайтын көліктің 9 жастағы баланы қағып кеткені түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторлары мен куәгерлер жол апатынан оқушы қыз зардап шекті деп отыр. Ол Абай көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқанда жол талғамайтын көлік қағып кеткен.

Оқиғаның мән-жайын Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 24 сәуірде түс ауа болған. Toyota Land Cruiser Prado көлігін 72 жастағы жүргізуші тізгіндеп келе жатқан.

Реклама
Реклама

"Балқаш полициясының кезекші бөліміне жол талғамайтын көліктің жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан жол ережесін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіп, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі төмен жылдамдықпен келе жатқан. Оған дер кезінде тоқтауға не кедергі болғанын тергеу анықтайды. Балқаш денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің жағдайы туралы хабарлады. Ол бастапқыда бас-ми жарақатымен жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Бүгінгі таңда баланың жағдайы тұрақты. Одан әрі тексеру және политравматология бөліміне ауыстыру жоспарланған", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram