26 маусым 2020 17:03

Балмұздақ таяқшасымен үгітіледі: Оралда сапасыз асфальт екінші рет төселді

Оралда билік өкілдері әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Роликте облыс орталығының тұрғыны Зачаган кентіндегі Гринько көшесінің жөндеу жұмыстарының сапасына наразылық білдіреді. Жаңа асфальт қарапайым балмұздақ таяқшасымен үгітіліп қалады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл әкімдігі мердігер компания жөндеу жұмыстарын қайта жүргізгенін хабарлады.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Орал қаласының әкімдігі (@uralskakimat) 25 Июн 2020 в 11:06 PDT

"Абаттандыру бөлімінің мамандары ақаулықтар бойынша акт толтырылып, қазіргі таңда төселген асфальт қайта кесіліп, техникалық сипаттамасы бойынша жаңадан жөнделді", - деп мәлімдеді Зачаган кенті әкімінің орынбасары Асылжан Хайруллин.

Мердігерлік ұйымның директорымен мұндай жағдайларды болдырмау жайында әңгіме жүргізілді. Айта кетейік, Зачаган кентінің 15 көшесіне жөндеу жұмыстарына 33 миллион теңге бөлінген.

"Асфальт қалдықтарымен шұңқырды толтырдық. Қазір ол қатая бастады. Жұмыс арнайы техниканың көмегімен жүзеге асырылды", - деді мердігер ұйымның директоры Руслан Төлеуғалиев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram