Балық аулап жүргендердің видеосы тексеріліп жатыр

Видео кадры

Балы? аулап ж?ргендерді? видеосы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы Орман шаруашылы?ы ж?не жануарлар д?ниесі комитетіні? баспас?з хатшысы С?кен Ділдахмет Facebook желісіндегі пара?шасында хабарлады. Айта кетейік, адамдарды? жаппай балы? аулап ж?рген видеосы ?леуметтік желілерде тарал?ан еді.

Балық аулап жүргендердің видеосы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Айта кетейік, адамдардың жаппай балық аулап жүрген видеосы әлеуметтік желілерде таралған еді.

Оның айтуынша, бұл видеожазбаға қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тексеріс жүргізіп жатыр.

"Құрметті достар!!! Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы бейнеде орын алған жағдайды анықтауда. Осындай орын алған жағдайда жергілікті мемлекеттік органға, аумақтық инспекцияға, комитетке немесе министрлікке xабарласуларыңызды сұраймыз! Бұндай жағдайда пайда ойламауларыңызды өтінеміз! Табиғатты бірге қорғап, бірге сақтайық!", - деп жазды Ділдахметов. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама