12 қараша 2021 | 11:21

Банктер экономиканы қалпына келтірудің негізгі қозғалтқышы болуы керек - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктер экономиканы қалпына келтірудің негізгі қозғалтқышы болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктер экономиканы қалпына келтірудің негізгі қозғалтқышы болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ұлттық валютамыз мемлекеттілігіміз бен егемендігіміздің нағыз символы саналады. Біз негізгі нарықтық реформаларды тоқсаныншы жылдардың басында іске асырдық. Қаржылық қатынастарды жан-жақты қарастырдық және жаңарттық. Әлемдік озық практиканы ескере отырып, банк саласына ментальді өзгерістер енгіздік. Елімізде толыққанды банк инфрақұрылымы құрылды, соның нәтижесінде қор құру және оны тиімді пайдалану мүмкіндігі пайда болды", - деді Тоқаев Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, сауатты инвестициялық саясат арқасында елімізде бәсекеге қабілетті қаржы секторы қалыптасты.

Реклама
Реклама

"Қазақстанның қаржы секторы бүгінде жиынтық активі 35 триллион теңгеден асатын өңірдегі ең озық сектор саналады. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің жартысынан астамы. Кейінгі онжылдықтардағы ауыр экономикалық дағдарыстар кезінде экономика тұрақтылығын көрсетті. Былтыр пандемия мен оның салдары әлемдік экономикаға осындай жойқын әсер етеді деп ойлағандар аз болды. Одан кейінгі нарықтардың құлдырауы соңғы 100 жылдағы ең маңыздыларының бірі", - деді Тоқаев.

Президент мемлекеттік және халықаралық институттар қабылдаған теңдессіз шаралар жағдайдың одан әрі нашарлауын тоқтатуға мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

"Алайда шикізат саудасы және қаржы салаларындағы белгісіздік әлі де сақталып отыр. Жаһандық тәуекелдер мен үрдістерді ескере отырып, қаржы саласын одан әрі үдемелі дамыту мемлекет басымдықтарының бірі саналады. Бұл ретте оның басты міндеті елдің экономикалық өсуін қолдау болып қала береді. Мемлекет ең күрделі кезеңдерде отандық қаржы секторын әрдайым қолдап отырды", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан банктері айтарлықтай тұрақты және экономиканы несиелеу үшін үлкен әлеуетке ие.

"Сондықтан олар экономиканы серпінді қалпына келтірудің және оны одан ары әртараптандырудың басты қозғалтқыштарының бірі рөлін алуға міндетті. Экономиканы қаржыландырудың тағы бір маңызды көзіне айналуы тиіс "Астана" халықаралық қаржы орталығын қоса алғанда, отандық қор нарығын белсенді дамыту қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі кезеңде жаһандық қаржы институттарының жасыл бұрылысына, қаржы қызметтерін терең цифрландыруға байланысты сын-қатерлерді де ескерген жөн деп санайды.

"Бұл мәселелер байыпты талқылауды және теңгерімді шешімдерді іздеуді қажет етеді. Осы бағыттарды дәйекті дамыту еліміздің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Сайып келгенде, мемлекеттік органдардың, реттеушілер мен қаржы институттарының алдында халқымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша ортақ бір міндет тұр.

Бүгінгі жиынның қаржы секторын нығайту бойынша тиімді шараларды дайындауға ықпалы зор болатынына сенімдімін. Қаржы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, съезд жұмысына жеміс тілеймін", - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram