Банктер ипотека бермейді - Бектенов үлестік құрылыс талаптары туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Банктер ипотека бермейді - Бектенов үлестік құрылыс талаптары туралы ЖИ арқылы жасалған

Қазақстан үлестік құрылысқа қойылатын талаптарды күшейтті. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан үлестік құрылысқа қойылатын талаптарды күшейтті. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үлестік құрылыс саласында талаптар қатаңдатылды. Мемлекеттің тиісті рұқсаты мен кепілдігі болмаса, құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын тарта алмайды, ал банктер ипотека бермейді", - дейді үкімет басшысы.

Сондай-ақ ретсіз және заңсыз құрылыстардың алдын алу, сондай-ақ мектептер мен ауруханалардың тапшылығы сияқты жағдайларды болдырмау үшін түбегейлі жоспарлау жобаларын түзетуге бақылау барынша күшейтілді.

Жарнама
Жарнама

Құжатта сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын күшейтуге де баса назар аударылған.

"Мемлекеттік бақылау күшейтілген. Тексеруші органдарға жаңа құралдар, оның ішінде цифрлық технологиялардың кең ауқымы ұсынылды. Нысандарды қабылдап алу кезінде құрылысты бақылау органдары мен төтенше жағдайлар қызметтерінің міндетті түрде қатысу тетігі енгізілді. Бұл апаттар мен өрт қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама