19 сәуір 2023 | 11:49

Банктерде ақша бар екенін білеміз - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға отандық банктерді тарту өте маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға отандық банктерді тарту өте маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте айтты. Мемлекет басшысы ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды несиелендіруде банк секторының мүмкіндіктерін кеңейту қажет екенін атап өтті.

"Бұл ретте шағын және орта бизнес қолжетімді банктік несиелеуден қалып қойды. Сонымен қатар, банктерде ақша бар екенін және ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын екенін білеміз. Сондықтан банктердің өз жұмысын қайта конфигурациялаумен қатар, ақша ағындарын цифрландыруды және банктер мен мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерін біріктіруді күшейту қажет. Бұл банктердің бизнеске, әсіресе шағын және орта бизнеске деген сенімін нығайтады", - деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная