11 қараша 2020 | 19:00

Бәрі де мүмкін, бастысы - өзіңді жеңуге деген ниет. ER-BATYR жобасында Мағжан Сағымбаев

ER BATYR жобасында танымал саяхатшы және зерттеуші Мағжан Сағымбаев. Ол сұхбат барысында өмірінің ең қиын кезеңінде саяхаттау туралы идея қалай келгенін, бір бөтелке су оның өмірін қалай құтқарып қалғаны және адам организмінің ерекшелігі туралы айтып берді. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ER BATYR жобасында танымал саяхатшы және зерттеуші Мағжан Сағымбаев. Ол сұхбат барысында өмірінің ең қиын кезеңінде саяхаттау туралы идея қалай келгенін, бір бөтелке су оның өмірін қалай құтқарып қалғаны және адам организмінің ерекшелігі туралы айтып берді. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көріңіз.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Жоба Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясы және БҰҰ-ның Қазақстандағы Халық қоныстану қорының (ЮНФПА) қолдауымен шығарылады. 

Реклама
Реклама

Мағжан Сағымбаев - танымал саяхатшы және зерттеуші, "Екі дөңгелектегі көшпенді" кітабының авторы, әлем бойынша жалғыз саяхат жасаған алғашқы қазақстандық. Ол  50 елде болып, 380 күнде велосипедпен 22 мемлекетті аралап, Антарктиданың ең биік нүктесін бағындырып, шаңғымен Оңтүстік полюске дейін жеткен. 

Мағжан Сағымбаев саяхаттау туралы ой қалай келгенін айтты. 

"Ол мен қара құрдымға түскенде басталды: менің өмірімде лудоманиямен ауыр кез болды, мен казино, ойын автоматтары, карта, бильярд, жалпы барлық құмар ойынмен ойнадым. Бұл проблема өз жолымды табуға ықпал етті. Бұл өте қауіпті ауру, мен ол туралы өзімнің басымнан өткеннен кейін ғана білдім. Сосын отырдым да: өмірімді не болмақ, бірнәрсені өзгерту керек, себебі бұлай жалғаса беруге болмайды дедім. Қоғамда өз орнымды таба алмадым, немен айналысарымды білмей, тіпті институт пен жұмыстан шығып кеттім. Ол кезде мен таныс достарыммен де араласпай, мүлде жабылып қалдым, үйде болдым, саяхатшылар туралы кітаптар оқыдым, неге екені, сол маған қызық болды, саяхат туралы түрлі фильм көрдім. Бір кезде еркіндікті, сол жолды сезгім келді де мүмкіндіктер іздей бастадым", - дейді ол. 

Спикер саяхат кезіндегі ең қорқынышты естелігін бөлісті. 

"Түрікменстанда Қарақұм шөлінен өтіп бара жатқан кезде өте қатты қорқынышты болды. Ол кезде суым бітіп қалды. Өте қатты ыстық болды, шамамен Цельсий бойынша 46 градус. Күн өтіп кеткендіктен есімнен танып қалдым. Есімнен танып түстім. Қанша уақыт жатқаным есімде жоқ. Бір кезде ояндым, бірақ жағдайым нашар болды, себебі суым бітіп қалған. Ол жолдағы трафик көп емес, бір сағатта бір көлік өтетін. Мен көлік күтіп тұрғанда бір кезде КамАЗ өтіп бара жатты. Қазір тақырыптан сәл ауытқып кетемін. Негізі сол тақырып, бірақ Өзбекстаннан өтіп бара жатқанымда маған көліктен сыраның бөтелкесін лақтырып жіберді, ол маған тимеді. Сосын Қарақұмда болғанымда КамАЗ-ды көрдім, ол мен жаққа келе жатқан. Мен құтымды алып, жүргізушіге көрсетіп, менің суым бітіп қалғанын түсіндірдім. Әдетте КамАЗ-дың бірден тоқтауы қиын, мен қарап тұр едім ол жанымнан өтіп кетті. Мен КамАЗ-ға үмітпен қарап тұрдым, бір кезде КамАЗ-дың терезесінен бірнәрсе түсті. Жүгіріп барып едім су құйылған бөтелке болды. Сол бөтелке менің өмірімді сақтап қалды деп айтуға болады. Сол кезде мынандай философиялық ой қалыптасты, кейбіреулер саған бос бөтелке лақтырса, енді басқасы су толы бөтелкені лақтырып, сенің өміріңді құтқарып қалуы мүмкін", - дейді ол. 

Саяхат кезінде Мағжан Сағымбаев адам организмі шексіз екенін түсінген:

"Мен көбіне дилетантпын, бірақ маған табиғат, туризм, саяхаттау ұнайтынын білемін. Егер осының бәрін "бір мөшекке" салса, немен айналысқым келетіні туралы картинаны көре аламын. Қазір ақшасын суға жіберіп жатқан, түсініксіз нәрсемен айналысатын жастар ол көңіл көтерудің жолы емес, ол ата-аналар, әйелдер, бауырлар мен әпкелер үшін де өте үлкен мәселе. Ең алдымен адам өзі айналысатын ісін табуы керек. Мен адам организмінің шегі жоғын түсіндім. Бізде энергия мен мүмкіндіктің көп болғаны соншалық, Эверестті бағындырып, жер шарын айналып, тіпті Антарктидаға бара аламыз. Бәрі де мүмкін, бастысы - өзіңді жеңуге деген ниет", - дейді спикер. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейінгі жоба қонақтары Давид Лория және Самат Смақов, актер Тәуекел Мүсілім мен Сандар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев. 

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Түсірілім жасау үшін локация ұсынған RTS Decaux компаниясына алғыс білдіреміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная