25 мамыр 2021 15:05

"Бәрі өледі". Ақтөбе облысында дәрігер жалған ақпарат таратқандарды сотқа берді

Фото: ©REUTERS

WhatsApp мессенджерінде коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың жақында қайтыс болатыны туралы болжам жасалған хабарлама тарады. Хабарлама авторы Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы "Шапағат" клиникасының бас дәрігері Аманжол Адаев екенін айтқан, - деп хабарлайды Stopfake.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджерінде коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың жақында қайтыс болатыны туралы болжам жасалған хабарлама тарады. Хабарлама авторы Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы "Шапағат" клиникасының бас дәрігері Аманжол Адаев екенін айтқан, - деп хабарлайды Stopfake.

Аудиожазбада 2021 жылдың күзінде COVID-19 вакцинасын алған адамдар жаппай өле бастайды делінген. Автор вакцинациядан бас тартуға және дәрігерлердің үндеуіне сенбеуге шақырады. Бұл ретте, ол өзін хирург, профессор, Қандағаш қаласы "Шапағат" клиникасының бас дәрігері Аманжол Шүңгүлұлы Адаевпын деп таныстыраған.

Шындығында профессордың вакцинацияның зияны туралы хабарламаға еш қатысы жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Реклама
Реклама

"Бұл аудиожазба шындыққа жанаспайды. Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы Шапағат клиникасының бас дәрігері өзінің атынан вакцинациядан бас тартуға қатысты аудиожазба тарату дерегі бойынша құқық қорғау органдарына, сондай-ақ ар-намысы мен абыройын қорғау үшін сот инстанцияларына өтініш білдірді", – деді ведомстводағылар.

Дәрігердің өзі жауап ретінде дыбыстық хабарлама жазып, ешқашан вакцинацияға қарсы болмағанын, керісінше оны көптеген қауіпті аурудың алдын алудың тиімді және қауіпсіз әдісі деп санайтынын айтқан. Сондай-ақ, Аманжол Адаев бастапқы хабарламада өз дауысынан өзгеше дауыс естілгенін айтты.

Портал мәліметіне сүйенсек, таратылып жүрген аудиохабарлама жалған. Автор өзін дәрігер ретінде таныстырып, бұрын жоққа шығарылған теорияларды таратқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram