Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады @Akorda.kz

АҚШ басшысы Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы АҚШ елшілігіне сілтеме жасап.

"АҚШ президенті Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік жаңа мерзімнің басталуымен құттықтады және америкалық халықтың атынан қазақстандықтарға сәлем жолдап, елде ынтымақтастық болуын тіледі", - делінген Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда президент сайлауы 26 сәуірде өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаев басым дауысты еншіледі. Дауыс берушілердің дауысы келесідей болды: Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлына 0,64 пайыз, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына 97,75 пайыз, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы 1,61 пайыз дауыс жинады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама