Барлау қызметінің экс-басшысы Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Ғабит Байжанов. видеодан үзінді

?абит Байжанов ?аза?стан Республикасы Президентіні? к?мекшісі - ?ауіпсіздік Ке?есіні? хатшысы ?ызметіне та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.

Реклама
Реклама

Жанат Шәймерденов "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.

"Сырбар" қызметі тікелей Президентке бағынады. Барлау, сараптама және ұлттық қауіпсіздікпен айналысады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама