ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2019 | 11:30
"Барлығы кинодағыдай болды: айғай, шу, жылаған адамдар" - аман қалған ұшақ жолаушысы
27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы құлады. Tengrinews.kz тілшісіне аман қалған жолаушы лайнер бортында қандай жағдай болғанын айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы құлады. Tengrinews.kz тілшісіне аман қалған жолаушы лайнер бортында қандай жағдай болғанын айтып берді.
"Мен жиі ұшамын. 07:05-те ұшақ әуеге көтерілуі керек болған. Алайда бұл жолы кешікті. Бізге қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатқан уақытта, ұйықтап кетіппін. Түнімен ұйықтамадым, себебі кешігіп қаламын деп алаңдадым. Ұшақ әуеге көтеріле бастағанда ояндым. Сөйтсе, ұшақ екі рет көтеріліп, биікті жоғалтқан екен.
Сосын қатты дауыс шықты - қозғалтқыш па не басқа бірдеңе. Ұшақ қиғаш ұшты. Барлығы кинодағыдай болды: айғай, шу, жылаған адамдарМұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өте қорқынышты. Соққы болды, менің алдымды бір темір бөгеп қалды, шыға алмадым.
Біреу айғайлап жатты: "Шығыңдар!". Осы кезде сөйлей алмай қалдым. Мен ұшақ қанатының тұсында отырғанмын. Ұшақ қанатына аяқ басқаным есімде. Ұшақ жерде жарылуы мүмкін деген сөздер айтыла бастады. Түсім секілді", - дейді әйел.
Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында Bek Air ұшағының құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.
2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ.
Қаза тапқандардың саны - 14. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады.
Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе апаты салдарынан 7 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.
Показать комментарии
Читайте также