ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2019 | 15:05
"Барлығы сөз жүзінде қалды" - Баталов АЭС салу туралы
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыста АЭС салу туралы талқылаулардың болмағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АЭС жайлы. АЭС құрылысының бірнеше жоспары болғанын білесіздер. Алматы облысы Жамбыл ауданы Балқаш көлінің маңындағы нұсқалардың бірі болды. Тағы бір нұсқа ретінде Шығыс Қазақстан облысы қарастырылды, бірақ ол нұсқа тек сөз жүзінде қалды. Ешқандай талқылаулар, сапарлар болған жоқ. Соны ашық айта аламын", - деді Амандық Баталов.
АЭС салу Ресейдің қалауы ғана - Бозымбаев
Еске салайық, сәуір айында Қазақстандағы АЭС құрылысы қызу талқыланған еді. Сол кезде Қазақстан АЭС салуға арналған жерді белгілеген болатын.
Показать комментарии
Читайте также