20 желтоқсан 2019 | 17:37

Барлық қазақстандық мемлекеттік тілді білуі керек - депутат

© Тұрар Қазанғапов

Барлық қазақстандық мемлекеттік тілді білуі керек. Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Барлық қазақстандық мемлекеттік тілді білуі керек. Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін уақыт келді. Бұл басқа тілдердің мәртебесін төмендету деген сөз емес. Біз мемлекеттік тілді нығайтуымыз керек. Әлемнің көптеген елінде мемлекеттік тілді білу міндет болып саналады. Заңда да мемлекеттік тілді білу парыз екені айтылады. Адамдардың көбі мемлекеттік тілді меңгеруге тырыспайды, кейбіреулері тіпті ол қажет емес тіл деп санайды. Балаларына да қазақ тілін білмей-ақ өмір сүруге болатынын айтады", - деді сенатор.

Реклама
Реклама

Мұрат Бақтиярұлы мемлекеттік тілдің норматив базасын жаңарту керегін айтады. Сондай-ақ, сенатор Иран, Малайзия, Латвия, Грузия, Армения сияқты елдерді мысалға келтіре отырып, онда мемлекеттік тілдің басым екенін айтып өтті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная