ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2018 | 11:30
"Барлық туысын жауапқа тарту керек пе?" - Қасымов Мұхитовтың қызына қатысты шыққан үкім жайлы
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қызы екі жылға сотталған Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Мұхитовтың қызметіне қатысты ешқандай шағым жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қызы екі жылға сотталған Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Мұхитовтың қызметіне қатысты ешқандай шағым жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер министрге Мұхитов әрі қарай қызметін жалғастыра ма, жоқ па деген сұрақ қойды.
"Конституцияға сәйкес, біз оған қандай шағым айта аламыз? Ол (сотталушы) ересек адам, жасы 29-да, ата-анасынан бөлек тұрады. Құқықбұзушылық жасады. Енді біз барлық туысын жауапкершілікке тартуымыз керек пе? Меніңше, бұл дұрыс емес қойылған сұрақ", - деді министр.
Еске сала кетейік, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.
Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.
"Өтінемін, бас бостандығымнан айырмаңыздаршы". Ескендір Сүлейменовтің өлімі бойынша істегі сотталушының соңғы сөзі
Показать комментарии
Читайте также