31 мамыр 2024 | 18:13

Бәрін әкімге жүктеп, қарап отыруға да болмайды - Тоқаев көше тазалығы туралы

Фото: Абай облысы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылық ғалымдармен кездесуінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылық ғалымдармен кездесуінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент БҰҰ аясында 2026 жылы елімізде Аймақтық климаттық саммит өтетінін айтты.

"Саммит климаттың өзгеруіне қарсы күресте халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Сонымен бірге қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау сияқты құндылықтарды насихаттау маңызды. Қазіргі жағдайда экологиялық ойлау қабілеті барлық білім беру және ғылыми бағдарламалардың негізі болуы керек деп санаймын. Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау және қоршаған ортаға қамқорлық таныту қоғамдық сананың құрамдас бөлігіне айналуы қажет.

Биыл елімізде "Таза Қазақстан" акциясы басталды. Бұл – жай науқан емес, бұл –халқымыздың көзқарасын, болмысын өзгерте алатын өте маңызды жоба. Ауқымды экологиялық бастамаға, әсіресе, жастар белсене атсалысты. Бұл да – жақсы үрдіс. Аз уақыт ішінде 2,5 миллионнан астам ағаш егілді, 200-ден астам өзен-көлдің жағасы тазартылды. Осы бастама тұрақты жалғасып, жақсы дәстүрге айналуы қажет. Бұл акция тал егіп, қоқыс жинаумен шектелмеуге тиіс. Атқарылатын басқа да шаруа көп.

Ең бастысы, барлығы шын ниетпен жасалуы керек. "Таза Қазақстан" акциясы аймақтарда қалай жүріп жатқанын мен мұқият қадағалап отырамын. Мұны, ең алдымен, әкімдерден талап етемін. Бәрін әкімге жүктеп, қарап отыруға да болмайды. Жаз маусымы басталды, енді ішкі туризм жандана түседі. Демалуға шыққан әр азамат табиғатқа жанашырлықпен қарауға тиіс. Тазалықтың басты кепілі – айналаны ластамау. Бұл – баршаға ортақ міндет", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная