11 шілде 2014 15:38

"Барыс" хоккей мектебі талапты балаларды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©News.delovoimir.kz ©News.delovoimir.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ұл балаларды жинап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Барыстың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астаналық "Барыс" хоккей клубының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ұл балаларды жинап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Барыстың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Барыс" хоккей клубының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі спорттық-сауықтыру тобына 2009 жылы туған ұл балаларды жинап жатқанын жариялайды. "Мекенжайымыз: Астана қаласы, Туран даңғылы, 5/1, "Тарлан" мұз айдыны. Қабылдау жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Бапкер - Хамракулов Владимир Владимирович. Спорт мектебіндегі жаттығулар тегін ұйымдастырылады", - делінген ресми хабарламада. 

Айта кетейік, "Барыс" - Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген жалғыз қазақстандық команда. Ол ақтық сындарына жетсе де, лиганың бас жүлдесі - Гагарин кубогын әлі жеңіп көрген емес. Ал ҚХЛ-дан кейінгі Жоғары хоккей лигасында екі қазақстандық ұжым - "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) және "Сарыарқа" (Қарағанды) өнер көрсетеді. Соңғы чемпионатта "Сарыарқа" жеңімпаз атанып, Братина кубогын ұтып алған болатын.    

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети