25 қыркүйек 2019 | 15:52

Бас дәрігердің қамалуы: Тоқаев Нью-Йорктен тапсырма берді

Камила Долаева Журналист
© akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы қамалған бас дәрігердің ісін анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы қамалған бас дәрігердің ісін анықтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында", - деп жазған Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев тұтқындалған. 

Бас дәрігердің жары тергеушілер Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне себеп болған әрекетке айғақ көрсетпегенін айтады. Нұрсұлтан Күдебаевтың ұлы 2019 жылы тамыздың аяғында қайтыс болған. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная