25 наурыз 2022 18:06

Бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан ары күшейту туралы" 2022 жылғы 14 наурыздағы №12 қаулысының күші жойылғаны айтылды. Жаңа қаулыға сәйкес, нысандарда маска тағу режимі ұсыныс ретінде қалғаны белгілі болды.

"Маска тағу міндетті саналатын медициналық ұйымдарды (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда, үй-жайларда міндетті түрде маска тағу режимі алып тасталды. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуекөліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда масканы пайдалану ұсыныс ретінде қалдырылды. Нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша ерекше талаптар алып тасталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram