Бас мүфти Ирактың Қазақстандағы сенімді өкілін қабылдады

© ҚМДБ баспасөз қызметі

Бас м?фти Иракты? ?аза?станда?ы сенімді ?кілін ?абылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?МДБ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Бас мүфти Ирактың Қазақстандағы сенімді өкілін қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстандағы Ирактың істері бойынша сенімді өкілі Юнус Салим Сархан мырзаны қабылдады.

Кездесуде екі елдің рухани-мәдени салалардағы ынтымақтастық байланысы туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісім жайы кеңінен сөз болды. "Кейбір елдердегі қақтығыстарды көріп, көп ұлтты Қазақстанның тыныштығы мен ұлттар татулығының қадірін терең түсінемін. Қазақстандағы тұрақтылық, бұл - Алланың үлкен сыйы. Содан кейін, Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында күн санап көркейіп, өсіп-өркендеп келеді. Бұған күн сайын көз жеткізіп келемін", - деді Салим Сархан.

Реклама
Реклама

Бас мүфти әлемдік тыныштық пен татулықты сақтауда дін қайраткерлерінің рөлі айрықша екенін жеткізді. Ержан қажы Малғажыұлы еліміздегі діни тұрақтылық пен рухани келісімнің нәтижесінде Ислам діні дамып, насихат жұмыстары жанданып келе жатқанын атап өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама