ПОДЕЛИТЬСЯ
06 мамыр 2019 | 11:21
Бас мүфти қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қадірлі бауырлар, отандастар! Баршаңызды исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен құттықтаймын. Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Әр отбасына амандық, бақыт пен береке тілеймін! Жаратушы Алла жар болсын! Біздің халқымыз ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беріп, құрмет көрсеткен.
Рамазан - жақсылықта жарысатын ай. Оразада әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Құдси хадисте Алла Тағала: "Ораза - тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін..." - деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.
Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: "Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады", - деп үмбетіне сүйінші хабар жеткізген.
Осы ретте отандастарымды қайырымдылық іс-шараларға белсенді атсалысуға, кәсіпкер азаматтарды рамазанның құрметі үшін азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға арнайы жеңілдіктер жасауға шақырамын. Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса деген тілегімді білдіремін. (...)
Ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатын айда көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетіп, қариялар мен мүгедек жандардың, жалғыз басты аналардың батасын алып, алғысына бөленуге үндеймін. Жетімдер мен науқас адамдарға қамқорлық жасайық!
Құрметті жамағат! Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!", - делінген Бас мүфтидің құттықтауында.
Показать комментарии
Читайте также