17 қазан 2023 | 11:17

Бас прокуратура 900-ден аса инвестициялық жобаны зерделеп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Прокурорлар 900-ден аса инвестициялық жобаны зерделеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар 900-ден аса инвестициялық жобаны зерделеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгінде прокурорлар 900-ден астам инвестициялық жобаны зерделеуде. Сонымен қатар, 27 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді.

Мысалы, "Шарцем" сингапурлық компаниясы Абай облысындағы цемент зауытын сатып алып, оны дамытуға 24 миллиард теңге қаржы салған. Алайда, 2 жыл өткеннен кейін белгілі бір жеке кәсіпкердің талабы бойынша сот зауытты сатып алу туралы келісім-шартты жарамсыз деп таныған. Бұл жағдай зауытты модернизациялауды тоқтатуға және инвестордың кетуіне әкелер еді. Прокуратураның наразылығы бойынша мәселе толық шешілді", - делінген хабарламада.

Петропавлда прокурорлардың араласуынан кейін инвестор рұқсат құжаттарын алып, көпфункционалды аурухананың құрылысын бастаған. Ал, Павлодар облысының прокурорлары сүт өнімдері мен кальцийленген сода өндіретін зауыттар салынған шетелдік инвесторлардан жер учаскелерін заңсыз алуға жол бермеді.

Реклама
Реклама

"Бұдан басқа, Ақмола облысында заманауи агроөнеркәсіптік кешен салуға ниеттенген испандық инвестордың жобасын прокурорлар барлық кезеңдерде сүйемелдеп, іске асыруға көмекстескен. Нәтижесінде 400-ден аса ауыл тұрғыны үшін жаңа жұмыс орындарының ашылу мүмкіндік пайда болды. Инвесторлар нақты құқықтық көмек алып, өз жобаларын сәтті жүзеге асырған басқа да мысалдар аз емес", - делінген хабрламада.

Жалпы, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін арнайы ведомствоаралық комиссиямен бірінші кезекте шешілуі қажет шаралар әзірленген. Оның жұмысы аясында цифрлық шешімдер қолданылып, ірі инвесторлармен, заң және консалтингтік фирмалармен кездесулер өткізіліп жатқаны айтылды. Негізгі мақсат - әрбір инвестор үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету және бизнестің қауіпсіздік кепілдігін арттыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная