Бас прокуратура Астанада наркоорталықта ер адамды өлгенше сабағандарға қатысты пікір білдірді

Бас прокуратура ?кілдері Астанада?ы Наркология ж?не психотерапия орталы?ында со??ы?а жы?ыл?ан 29 жаста?ы Николай Кривенко?а ?атысты ?оз?ал?ан ?ылмысты? іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура өкілдері Астанадағы Наркология және психотерапия орталығында соққыға жығылған 29 жастағы Николай Кривенкоға қатысты қозғалған қылмыстық іске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Думан Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушының тағылған айыпты толықтай қолдап отырғанын және судьядан осы істегі басты фигуранттарды максималды түрде - 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырып, ал полиция полкының қызметкерін атағынан айыруды ұсынғанын айтты.

Мемлекеттік айыптаушы Наркология орталығының екі санитарын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыруды  сұрады.

Реклама
Реклама

"Зардап шеккен тарап сот тындалымы барысында сотталушыларға тағылған айыптарға наразылық білдірген жоқты. Соңғы шешімді судья шығарады. Қаза болған ер адамның отбасына көңіл айтамыз", - деп жазды прокурордың көмекшісі.

Еске салайық, осыған дейін Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Ольга Комарова наркоорталықта болған жағаұстатарлық жайтқа қатысты пікір білдірген болатын. 

Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Tengrinews.kz тілшісіне бұл оқиғаның биыл 15 наурызда мекеме ішінде болғанын растап берді.

"Өкінішке қарай, бұл оқиға айықтырғышта болған, бұл біздің бөлімше. Қызметкерлерді ақтамаймын. Сол уақытта бас дәрігердің міндетін Гауһар Бектаева атқарған. Ол тергеуге көмектесу үшін қолдан келгенін жасады, оның ішінде қызметкерлердің мойындауына қол жеткізіп, оқиғаның видеожазбасын берді. Бұл осы оқиғаны тергеу органдары әділ анықтап, лайықты сот шешімін шығару үшін жасалды. Бұл осының бәрі Интернетте таралып, қызу талқыға түсуі үшін жасалған жоқ", - деген еді бас дәрігер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама