ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2024 | 14:31
Бас прокуратура Айдос Садықовқа жасалған қастандық дерегіне қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовқа қастандық жасау дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовқа қастандық жасау дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс бойынша, тергеу-жедел тобы құрылған, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілетіні айтылды.
"Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын. Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 8 маусымда БАҚ Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалғанын хабарлады. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, белгісіз біреу Ярмола көшесінде тұрақта тұрған көлікке жақындап, ішінде отырған ер адамға оқ атқан, содан кейін қашып кеткен. Жәбірленушінің қасында әйелі болған.
Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Киев полициясы адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді.
"Елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн.
Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді", – деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также