Бас прокуратура Челахтың үндеуіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Бас прокуратура Челахтың үндеуіне қатысты пікір білдірді Владислав Челах сот залында. Архив сурет ©Владимир Прокопенко

Бас прокуратура өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың үндеуін зерделейді. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өтініш Бас прокуратураға түсті. Қосымша зерттейміз, себебі іс он жыл бұрынғы. Қажет болса, одан жауап алынады", - деді Тәшімбаев Бас прокуратурада өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ Владислав Челах "Арқанкерген" бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдегенін хабарлаған болатын.

Реклама
Реклама

Челах 2012 жылдың мамырында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама