22 желтоқсан 2023 | 17:48

Бас прокуратура "хакер" Никита Кислицинді экстрадициялау туралы айтты

AntiMalwarerus/youtube.com

Қазақстан ресейлік Никита Кислицинді экстрадициялайды. Ақпаратты Бас прокуратура растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ресейлік Никита Кислицинді экстрадициялайды. Ақпаратты Бас прокуратура растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, ведомство Ресей Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырған.

Реклама
Реклама

Ресейлік қадағалау органы мәліметінше, Кислицин "заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз қолжеткізу" және "бопсалау" баптары бойынша жауапқа тартылады.

Тергеу мәліметі бойынша, 2022 жылғы қазанда Кислицин сыбайластарымен бірге коммерциялық ұйымдардың бірінің сервер деректеріне заңсыз қолжеткізген, содан кейін ақпарат көшіріліп алынған.

"Деректерді алғаннан кейін хакерлер жария көздерде ақпаратты таратпағаны үшін 550 мың рубльге тең сомада криптовалюта төлемін талап етті", - деп хабарлады РФ БП.

Кислицинді экстрадициялау туралы өтініш Қазақстанда ұсталуына байланысты 2023 жылдың маусымында жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная