20 қараша 2019 12:39

Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің Мәнізоровқа қатысты шағымын қанағаттандырмады

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімнің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шағымды қанағаттандырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімнің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шағымды қанағаттандырмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шешімге шағым түсіргенін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

"Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуді тоқтату туралы шағымын қанағаттандырмады", - деді Марат Ахметжанов.

"Процедура жүріп жатыр, ешкімнің позициясы ешкімді қызықтырмайды. Заң бар. Қылмыс құрамы болса, осындай шешім қабылданады. Бірақ бүгінде тергеу процесіне ешкім әсер ете алмайды. Қылмыс құрамы болса, іске нүкте қойылады. Мен істің нақты мән-жайын білмеймін, тек факт бойынша айтып отырмын. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер қылмыстық тергеуді тоқтату туралы өтініш білдірді, бірақ ол өтініш қанағаттандырылмады", - деді прокурордың орынбасары.

Кет десе, кез келген уақытта кетемін - Амандық Баталов

Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Ал 30 қазанда әкім орынбасарының жұмысқа шыққаны айтылды.

Кейінірек Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Ол бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтқан болатын. Ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын деген еді әкімнің орынбасары.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram